Атырау, 20 мамыр 00:23
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Черногория туристердің кіру талабын қатаңдатады

2 185 просмотра

Черногория шетелдік туристердің кіру ережелерін қатаңдатады. Бұл туралы ел үкіметі 10 наурыз, сәрсенбіде Twitter желісіндегі ресми аккаунтында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.

Әзірге бұл талап 10-17 наурыз аралығында қолданылады. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде COVID-19 жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Сондықтан осындай шектеу қоюға тура келген.

Туристер 13 наурыздан бастап шекарадан өткен кезде 48 сағатқа жарамды CОVID-19 жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест нәтижесін немесе 30 күннен аспайтын IgG антиденелері бар екені туралы анықтаманы көрсетуі керек. Сондай-ақ, вакцинацияның барлық кезеңінен өткені туралы сертификат қабылданады, вакцинаның екінші дозасы елге кірерден кемінде 7 күн бұрын жасалуы керек.

Ал Албания, Сербия, Хорватия, Босния және Герцеговина немесе Косоводан елге кіретін азаматтар коронавирусты тексеруден босатылды.

13 наурыз 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.