Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанның оңтүстігінде ауқымды әскери маневрлер өтуде

2 989 просмотра

Қазақстанның оңтүстігінде ауқымды әскери маневрлер өтуде. Кенеттен жүргізілген тексеріс аясында, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдері «Мәтібұлақ» полигонында белгіленген аймаққа келді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Бөлімшелер басқару пунктерін жабдықтап, сақшылық күзет ұйымдастырды, сондай-ақ аумақта барлау жүргізеді.

Әскери қызметшілерді орналастыру және тамақтандыру ұрысқа барынша жақын жағдайларда ұйымдастырылған.

Бүркемелеу талаптары мен әуеден келетін соққыдан қорғануды ескере отырып, жеке құрам мен техника үшін инженерлік позициялар дайындалды.

Маневрге барлығы 3000-нан астам әскери қызметші мен 500 бірліктен көп қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.


13 наурыз 2021, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.