Атырау, 19 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: аса қауіпті қылмыстық топ жойылды

Сурет
2 638 просмотра

ҰҚК мен ІІМ аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі.

"2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді", делінген хабарламада.

Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген.

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.         

12 наурыз 2021, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.