Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Рақымшылыққа кімдер ілігеді

2 379 просмотра

Рақымшылық туралы заң жобасы жақын арада парламентке түседі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі кезде президент тапсырмасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Рақымшылық туралы" заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес, мемлекет пен азаматтарға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған және келтірген шығынды өтеген адамдарды жазадан босату қарастырылып отыр. Заң жобасы мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілді. Жақын арада осы құжат парламентке түседі", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында. 

Министр сотталғандарға қатысты тағы бірнеше өзгерісті жариялады. Оның айтуынша, алдағы уақытта төрт кодекс пен алты заңға 105 түзету енгізу жоспарланып отыр. 

"Соның ішінде ауыр сырқаты бар адамдар үшін жазаны өтеуді кейінге шегеру, осы санаттағы адамдарды тергеуден босату туралы сот үкімдерін шұғыл орындау, баланы үш жасқа толғаннан кейін анасымен бірге қалдыру және тағы басқа өзгерістер бар", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда тоғыз рет рақымшылық жарияланған болатын. 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық кезінде түрмелерден 1,5 мыңға жуық адам босатылды. Бұдан бөлек, сотталған 20 мыңнан астам адамның жазасы жеңілдетілді.

12 наурыз 2021, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.