Атырау, 19 мамыр 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украина Қытай иелігіндегі әуе компаниясын мемлекет меншігіне қайтарады

2 669 просмотра

Украина акциясының басым бөлігі қытайлық компанияға тиесілі "Мотор Сич" әуе компаниясын стратегиялық маңыздылығы үшін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Азаттық радиосы.

"Мотор Сич" компаниясын Украина халқына қайтару туралы шешім қабылданды" деді Украина қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Алексей Данилов 11 наурыз күні ұйымның отырысында.

Ол мемлекет меншігіне қайтару процесі "заңды, конституциялық жолдармен" жүретінін және инвесторларға компенсация төленетінін айтты.

Сарапшылардың айтуынша, ұшақ моторын құрастырумен айналысатын кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару Қытайға ұнамайтыны анық, бірақ Украинаның Ресей агрессияна төтеп беруін қолдайтын шетелдік әріптесі АҚШ бұл шешімді қолдайды.

Вашингтон соңғы кезде "Мотор Сичке" қытайлық инвестицияның құйылуына қарсылық білдіріп келген. АҚШ бұл қадам өзінің озық технологиясының қолды болуына түрткі болады деп алаңдайды.

АҚШ "Мотор Сичті" иемденуге ұмтылған қытайлық Skyrizon Aviation компаниясын қаңтар айында қара тізімге енгізіп, Қытайдың "жыртқыштық" инвестициясы мен технологияны иемденуі оны әскери мақсатта қолдануға жол ашады деген қауіп айтқан.

Екі аптадан кейін Украина президенті Владимир Зеленский қытайлық төрт компанияға (арасында Skyrizon де бар) санкция салу туралы жарлыққа қол қойған.

Skyrizon-ге ақша салған қытайлық инвесторлар желтоқсан айында Украинаға қарсы 3,5 миллиард долларлық шағым түсірген. Олар Киевті "Мотор Сичке" салған инвестициясынан айырмақ болды деп айыптады.

"Мотор Сич" тікұшақ және ұшақ моторларын құрастырумен айналысады. Кәсіпорын сонымен бірге зымыран мен дрондарда қолданылатын бөлшектерді шығарады.

12 наурыз 2021, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.