Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қуыршақ театры ашылады

5 084 просмотра

Жуырда Атыраудың бүлдіршіндеріне ертегілер әлеміне саяхатқа аттануға мүмкіндік туғалы отыр. М. Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры балаларға арнап қуыршақ театрының алғаш қойылымын Халықаралық театр күні қарсаңында сахнаға шығармақшы. 

Тұсаукесерге драма театр актері Бекет ЗИНУЛИННІҢ жазған «Ата мектебі» атты қойылымы дайындалып жатыр.

Театр директоры Берік Жаменов:

 - Атырауда балалардың демалыс орны тапшы екені бәрімізге белгілі. Сондықтан балалардың мәдени өмірге араласып, рухани дамуына ықпал етсек деген тілекпен бәріміз ақылдаса келіп, қуыршақ театрын ашуды қолға алдық. Балаларды ерте жастан театрмен таныстырып, үлкен тәрбиелік мәні бар қойылымдар ұсынсақ деген ниеттеміз. Алғашқы қойылымды біз әзірше өз күшімізбен дайындап жатырмыз.

Ендеше, іске сәт!

Гүлсім СҮЙІНҒАРИЕВА

12 наурыз 2021, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.