Атырау, 19 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Наурыз ықшамдап тойланады

2 399 просмотра

Мұнайлы астанада наурыз мерекесі Махамбет атындағы драма театрдың алдында театрландырылған қойылыммен атап өтіледі. Бағдарламаны тұрғындар офлайн тамашалай алады, бірақ ол жерде киіз үй тігіліп, көпшілікке наурыз көже ұйымдастырылмайды.

Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, биыл Наурыз мейрамын кең ауқымдағы мәдени көпшілік шаралармен атап өту жоспарланған. Алайда өңірдегі ахуал оған кедергі болып отыр.

- 14 наурыз Көрісу мерекесі «Жайық» спорт кешенінде өтеді. Оған көрермен қатыспайды, жергілікті телеарна арқылы онлайн көрсетіледі. Әзірге Наурыз мейрамын драма театрдың алдында театрландырылған қойылыммен тұрғындарға офлайн ұсынамыз деп жоспарлап отырмыз. Көрермендер бетпердемен, ара қашықтықты сақтау арқылы мерекелік бағдарламаны тамашалай алады, - дейді А.Рысқалиев. 

Айта кетейік, Атырау облысы мәдениет басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында биыл 14 наурыз көрісу мейрамын атап өтуге 18 млн 500 мың теңге, ал Ұлыстың ұлы күні – Наурызды мерекелеуге арналған көпшілік-мәдени шараларды ұйымдастыруға 25 млн 200 мың теңге жоспарланған. Дегенмен, бөлінген қаржының басым бөлігі карантин шектеулеріне байланысты бюджетке кері қайтарылады дейді шенеуніктер.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 наурыз 2021, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.