Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы медицина: бізге Нұр-Сұлтан мен Алматы көмектеседі

3 253 просмотра
Көрнекі сурет

Еліміздің жетекші медициналық ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарының өкілдері вахталық әдіспен Атырауда жұмыс істейтін болады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ мәлімдеді.

Облыста көрсетілетін медицина қызметтерінің сапасы дәрігерлердің біліктілігіне және заманауи медицина жабдықтарының болуына байланысты. Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша өңірімізге Ұлттық ғылыми медицина орталығының, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының, Ана мен бала орталығының, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ және т.б. өкілдері келеді. Бірнеше апта бойы олар өз әріптестері үшін дәріс оқып, шеберлік сыныптарын өткізеді, тұрғындарға кеңес береді.

Қазір облыста 207 дәрігер - пульманолог, аллерголог және басқа мамандар жетіспейді. Сонымен қатар, өңірімізде медициналық жабдыққа аудит жүргізіліп жатыр, реанимация мен босандыруда қолданылатын аппараттарға ерекше назар аударылуда. А.Байдуәлиевтің айтуынша, облыстың түрлі медициналық мекемелерінен жалпы құны 12 миллиард теңгенің жабдықтарын сатып алуға өтінімдер түскен. Бұл цифр, әрине, өте көп, шын мәнінде бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

11 наурыз 2021, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.