Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Күнбағыс майы неге қымбаттады?

2 774 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде баға 0,3%-ға төмендеген еді). 

Өңірлер бойынша күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау - 12,8%, Орал - 12,9%, Семей - 11,8%, Ақтөбе - 9,7%, Талдықорған - 9,6%, Тараз - 8,6%, Жезқазған - 7,9%, Қарағанды - 7,8%, Өскемен - 7,6%, Петропавл - 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау - 4,9%, Көкшетауда - 4,5% қымбаттады.

Бағаны өзара келісіп қойғаны байқалуына  байланысты 7 нарық субъектісіне бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді. Хабарлама бойынша талапты бір ай мерзімде орындамаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес тергеп-тексеру мәселесін көтереді.

Қазір Ақтөбе облысындағы келісіп жасаған әрекет және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 жағдай тергеп-тексерілуде.

Бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл шикізат сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорының қысқаруы. Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші «Востоксельхозпродукт» ЖШС өз өндірісін уақытша тоқтатты. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 наурыз 2021, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.