Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Онкология диспансеріне қатысты өзгерістер

2 549 просмотра

Бір жарым айдың ішінде облыстық онкология диспансерінің ғимаратына қатысты шешім қабылдаймыз, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ.

Оның айтуынша, ескі ғимарат 1973 жылы салынған және заманауи талапқа сай келмейді. Онкология қызметінің өзі соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 4 жыл бұрын диспансерде 5 онколог жұмыс істесе, қазір 22-ге жетті. Олардың қатары жас мамандармен толықты.

Қызмет жаңа жабдықпен жабдықталған, оның ішінде PACS - облыстың түкпір-түкпірінен келген пациенттердің рентген суреттерін электронды форматта жинап, оларды талдайтын бейнені мұрағаттау және тарату жүйесі бар. Электронды «ми» жаңа өскіндерді ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ ғимарат нашар болғандықтан бұл жетістіктер тасада қалып отыр.

- Бастапқыда біз онкология қызметін Талғайраңдағы көпбейінді жаңа аурухана ғимаратына орналастыруды жоспарладық. Бірақ оның құрылысы 2024 жылы аяқталмақ. Онкология мәселесін кешеуілдетпеген дұрыс. Бізде бірнеше ұсыныс бар, соның ішінде, шетелдік инвесторлардан түсіп отыр. Олар ескі ғимаратты бұзып, жаңасын салуды ұсынады. Онкология қызметін дамытуға қызығушылық танытып отырған отандық компаниялар да бар. Облыс басшылығының бұл мәселені шешуге қатысты өз ұстанымы бар. Қалай болғанда да, мамыр мерекелеріне дейін шешім қабылданады, - деді А.Байдуәлиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 наурыз 2021, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.