Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраулық жұмыртқа өндірушілердің баға бойынша сөз байласқаны анықталды

2 889 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысының жұмыртқа өндірушілеріне бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберді.

34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталған.

"Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.)

Хабарлама Кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды", делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі+11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында - 22,4%, Өскемен - 21,6 %, Қостанай - 16,5%, Жезқазған - 15%, Алматы - 13,4%, Ақтау - 13,3%, Павлодар - 13,7%, Орал - 11,8%, Алматы - 13,4%, Талдықорғанда - 12,3%-ға қымбаттағаны хабарланады.

"Сонымен бірге, бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы.

Қазіргі кезде құс фабрикалары "Адель-кус" ЖШС, "Алекри" ЖШС, "Алсад" ЖШС, "Алель Агро" ЖШС, "Агроинтерптица"ЖШС. "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "Сары-Бұлақ" ЖШС және "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді".

11 наурыз 2021, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.