Атырау, 19 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алаяқтар Ұлттық банк қызметкері болып қоңырау шалады

2 976 просмотра

Соңғы кездері телефон алаяқтарының банк карточкасын қолданушыларға шабуыл күшейді. Тек менің айналамда осындай фактімен бірнеше адам бетпе-бет келіпті. Бүгін маған олар ұялы телефоннан қоңырау шалып, Ұлттық банк қызметкерінің атынан менің қай банктің клиенті екенімді білмек болды. 

Дәл қазір әлдебір қаскүнемнің карточкаңыздан ақша аударып алғысы келгенін естігенде, тұтқаның ар жағындағы дауысқа еріксіз сене бастайды екенсің. Бірақ шынайы банк қызметкерлері ешқашан сіздің есеп-шотыңыз бен карточкаңыз туралы мәліметті сұрамайды. Осыны ескеріп жүрген жөн. 

Олардың әрекет ету жолы мынадай екен. Бүгін таңертең маған ұялы телефоннан қоңырау түсті, салмақты әйелдің дауысы өзін Ұлттық банктің қызметкерімін деп таныстырып, бір ер адамның аты-жөнін толық атап, қазір сол кісінің атына ақша аударайын деп тұрсыз ба деп сұрады. «Жоқ» деген соң, мен: «неліктен Ұлттық банктен соғып тұрсыз, аударым туралы ақпаратты қайдан алдыңыз?» деп сұрадым. 

Маған ол ер адамның олардың базасында алаяқтардың «қара тізімінде» тұрғанын, сондықтан олар менің карточкамнан ақша аудару әрекетін көріп отырғанын айтты. Операция бұғатталды деп, мені жұбатқан сыңай танытты. 

Менің аударым жасамақ ойымда жоқ екеніне және бұл адамды танымайтыныма тағы бір рет көз жеткізіп, бүгінде қай банктің маған қызмет көрсететінін сұрап, бұл ақпаратты маған қызмет көрсететін банктің қауіпсіздік қызметіне жіберетінін айтты. 

Әрине, мен мұндай ақпаратты беруден бас тарттым. Әңгіменің тығырыққа тірелгенін түсінген әйел әңгімемізді «сіздің құқығыңыз» деп үзіп тастады. 

Содан кейін мен өз банкіме хабарластым. Ондағылар маған алаяқтың қоңырау шалғанын растады. 

«Банк ешқашан аударымдар бойынша бұлай қоңырау шалмайды, ол бұл аударымдарды көрмейді және сіздің картаңыздағы деректерді білуге тырыспайды. Бұл, егер сіз, мысалы, сіз өзіңіз білмей, қандай да бір алаяқ сайттан сатып алуды жоспарласаңыз, онда банктен сигнал түседі, олар қоңырау шалып, сайттың алаяқ екенін ескертіп, сіздің картаңызды уақытша бұғаттайды. 

Ал бұл жерде олар ақша аударымы туралы айтып отыр, оның үстіне, Ұлттық банк бұл операцияларды көре алмайды. Бұл сөзсіз алаяқтар, олар карта нөмірін білгісі келеді. Ең бастысы - ешқандай мәлімет айтпаған жөн». 

Банк қызметкерімен сөйлескеннен кейін маған қоңырау шалған нөмірге кері қоңырау шалып едім, ондай нөмір жоқ екенін естідім. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 наурыз 2021, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.