Атырау, 19 мамыр 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бір күнде 490 өзбекстандық Қазақстанға жұмысқа келді

3 154 просмотра

7 наурызда Қарақалпақстанның 490 тұрғыны "Давид ота" шекара бекетінен Қазақстанның Ақтау қаласына жіберілді. Олар мұнда түрлі құрылыс алаңдарында жұмыс істейді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің 9 наурыздағы хабарына қарағанда, өзбектің еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.

Биыл 25 ақпанда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің еңбек қызметі туралы келісімін мақұлдады.

Құжатта еңбек мигранттарының ақысын төлеу, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, өтемақы мәселелері қарастырылған.

10 наурыз 2021, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.