Атырау, 19 мамыр 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда Даун синдромы бар балалар саны артты

2 574 просмотра

Атырау облысы республикада сәбилер өлімі бойынша үшінші орында. Өткен жылы облысымызда 17 789 бала дүниеге келіп, 184 шетінеп кетті.

Облыста туу саны 2019 жылмен салыстырғанда 1100 балаға айтарлықтай өсіп, нәресте өлімі 7,9%-ға төмендеді, бірақ бәрібір өте жоғары деңгейде қалып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан БАЙДУӘЛИЕВТІҢ пікірінше, өкінішке орай жүкті әйелдердің міндетті үш сатылы скринингтен өтпеуі теріс әсерін тигізіп отыр. Ал бұл тексеру ұрықта даму ақауларының бар-жоғын бақылауға мүмкіндік береді. Өткен жылы ресми статистикаға сәйкес, жүкті әйелдердің тек 38%-ы скринингтен өткен. Нәтижесінде 2020 жылы Даун синдромымен  дүниеге келгендер 2019 жылға қарағанда 5 балаға көп (сәйкесінше 133 және 138).

Кейбір басқа әйелдер жеке медицина орталықтарында тексеруден өткен болуы мүмкін. Пациенттердің өзі скринингтік тексеруден өту қажет болған кезде (жүктіліктің 12, 18-20 және 30 апталарында) кейде емханаларда УЗИ мамандары жоқ деп шағымданады. Ал жеке емханаларда УЗИ-ге түсуге кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді.

Басқарма басшысы шетелдегідей белгілі бір сала маманының УЗИ-аппаратқа өзі түсіріп, өзі тексеретін нұсқаны оңтайлы деп есептейді.

- Дәрігерлер, әсіресе гинеколог, гастроэнтеролог, урологтар - фонендоскоппен қатар УЗИ аппаратына түсіруді жақсы меңгеруі керек. Біз дәрігерлерді осыған үйретуді жоспарлап отырмыз, бірақ бұған уақыт қажет, - деді А.Байдуәлиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 наурыз 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.