Атырау, 19 мамыр 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда баспана тағы қымбаттады

2 436 просмотра

Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ке – бір шаршы метріне 252,3 мың теңгеге дейін, ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ке, 323 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанның ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй 20%-ке қымбаттады.

Жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8%-ке көтерілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ке артты, өткен жылдың ақпанына қарағанда өсім – 11,3 %. Аренда орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2%-ке өскенін мәлімдеп, мұны жақсы көрсеткіш деп атады. Алайда пайдалануға берілген дайын үйлердің 40%-і – тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында. Оның үстіне бұл үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат.

Тоқаев қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасауды ұсынды. Оған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады.

2021 жылдың ақпанында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі соңғы бес айда Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы 5%-ке өскенін хабарлаған еді. Ал қолданыстағы үйлер бірден 12,5%-ке қымбаттаған.

3 ақпанда мәжілісмен Аманжан Жамалов мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша салынатын баспананың шаршы метріне шекті баға енгізуді ұсынды. Парламентарийдің пікірінше, ипотеканы мемлекеттік субсидиялау өскен сайын баспана бағасы да шарықтап барады.

9 наурыз 2021, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.