Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 103-орында

2 090 просмотра

2021 жылдың қаңтарында мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингінде БАӘ бірінші орында тұр. Ал Қазақстан 103-орынға жайғасты, деп хабарлады Sputnik Ranking.kz басылымы.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті көрсетті. Сондай-ақ, ТОП-5 ел қатарына Оңтүстік Корея, Катар, Қытай және Сауд Арабиясы кірді.

Қазақстан бұл тізімде 103-ші орында тұр. Еліміз позициясын 3 қатарға жақсартты. Қазақстан өсім рейтингі бойынша ТОП-25 мемлекеттің қатарына енді. Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы бір жылда 6,6%-ке, секундына 20,15 мегабитке дейін өсті. Қазір Қазақстан мен Қырғызстан Орта Азия елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы болып тұр.

Қазақстанда интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны 16 миллионға жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8%-ке көп.

Республикада мобильді байланыс 2011 жылдан бастап дамып келеді. Ол кезде 3G қосылды. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында қызмет көрсете бастады.  2019 жылы Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Тестілеу оң нәтиже көрсетті, сарапшылар Қазақстанның 5G технологиясын енгізуге дайын екенін айтты.

9 наурыз 2021, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.