5 наурызда, кешке Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында үйлердің бірінен 4 мәйіт табылды. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінен №11 өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеткен кезде, 1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыз баланың қаза болғаны анықталды.
Оқиға орнында аудандық ТЖ бөлімі мен полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Қаза болу себебі - көмір қышқылгазына улану деп болжанып отыр.
Жағдайдың толық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА