Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жер қымбат, жер өлшеушілер де біліксіз

3 739 просмотра

Жерге орналастыруды жобалау нарығында жер өлшеушілердің біліксіздігіне байланысты проблема туындап отырады. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде өткен отырысқа қатысушылар осындай қорытындыға келді.

Жобаланатын жер учаскесі орналасқан жердің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкестігін тексеру барысында сәйкессіздіктер анықталады. Осылайша жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеу, үшінші тұлғалармен шекараларды келісу жөніндегі заңнама талаптары бұзылып отыр.

Жерге орналастыру жобасын әзірлеумен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және жеке компаниялар айналысатынын атап өткен жөн.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, мұндай жағдайда мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін. Өйткені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жобасын әзірлеуден табыс табуға ұмтылысы осы нарықта алақол бәсекелестік туындатып отырған жеке компания әзірлеген жобаға ескерту жасауға әкеледі. 

Сондай-ақ, учаске иесін ауыстырған жағдайда қиындық туындамас үшін Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйені синхрондау ұсынысы айтылды. Жер учаскесін сату-сатып алу бойынша мәміле жасаған кезде нотариус база арқылы учаскеге салынған тыйымның, ауыртпалықтың бар-жоғын тексереді. Ол БНАЖ арқылы учаскенің бар-жоғы және оның алаңы, шекаралардың белгіленуі, учаске «қызыл сызықта», су қорғау белдеуінде немесе санитариялық-қорғау аймағында орналасқан ба және т.б. туралы ақпаратты тексермейді. Бұл сатып алынған учаскенің шекарасы басқа жердің аумағына шығып кетуі мүмкін.

Сайып келгенде, бұдан сатып алушы зардап шегеді.

Отырыс қорытындысында мамандардың, атап айтқанда геодезистердің біліктілігін арттыру ұсынылды. Олар кадастрдың жер учаскесінің координаттарымен сәйкестігін салыстырады.

Айнұр САПАРОВА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті ұсынған сурет

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ.

Жерге орналастыру жобасы - жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы туралы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің іргелес иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріндегі ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер. 

2 наурыз 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.