Атырау, 7 мамыр 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы қайғылы оқиғаларға қатысты кінәлі тұлғаларға ең қатаң шаралар қолданылуы тиіс – Мәжіліс депутаты

2 008 просмотра

Үш оқиғадан 6 сәби, ересек 2 адам көз жұмды

Елімізде соңғы айда болған қайғылы оқиғалар профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев төменгі палатаның жалпы отырысында айтты.

Жуырда ғана Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында тілсіз жаудың салдарынан болған қайғылы жағдайларды тілге тиек еткен депутат Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын сынға алды.

«19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы пәтерлердің бірінде бес бірдей бала көміртегі газынан тұншығып қаза тапты. 18 ақпан күні Қызылорда қаласында тура осындай жағдай болып, өрт салдарынан бес бала зардап шегіп, өмірге жаңадан келген алты айлық бала көз жұмды. 21 ақпанда Петропавл қаласында болған өрт салдарынан екі адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жатқызылды. Өткен жылдың қыркүйегінде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Алайда, оның атқарған жұмысы әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді», - деді депутат.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғалар атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екенін көрсеткен. Осылайша, Фахриддин Қаратаев Үкімет басшысына аталған мәселеге қатысты депутаттық сауалын жолдап, ұсынысын айтты.

«Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлерге, әсіресе времянка, дачаларға, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыстарды жүргізуді; Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) ақпарат беруді; Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз», - деді депутат өз сауалында.

Дереккөз:azattyq-ruhy.kz


24 ақпан 2021, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.