Атырау, 8 мамыр 06:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Орал-Атырау трассасында жол апатынан 6 адам қаза тапты

2 875 просмотра

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

"Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы ЖКО орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

22 ақпан 2021, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.