Атырау, 5 мамыр 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Украина 19 компанияға санкция салды. Оның ішінде ресейлік "Спортмастер" дүкені де бар

2 123 просмотра

Украина билігі санкциялық тізіміне ілінген жеке және заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Санкция туралы шешімді ел президенті Владимир Зеленскийдің мақұлдауымен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қабылдады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Тізімге 19 заңды тұлға кірген. Оның ішінде ресейлік "Спортмастер" дүкендер желісі де бар (санкция дүкендер желісіне иелік ететін компанияға салынған, компания Сингапурде тіркелген). Санкциялық тізімдегілерге Украина аумағында сауда операцияларын жүргізуге, ресурстарды тасымалдауда тыйым салынады.

Тізімге бірқатар ресейлік компания кірген. Олардың арасында "БИОТЭК" фармацевтік холдингі, Севастополь мемлекеттік университеті, мұнай өнімдерін әзірлейтін Новошахтинск зауыты, "Донские угли" сауда үйі бар. Тізімдегі бірқатар компанияның ресейшіл украиналық саясаткер Викто Медведчук пен оның әйелі Оксана Марченкоға қатысы бар. Олар да санкцияға ілінген.

Бір күн бұрын АҚШ Украинаның Медведчукке қарсы санкция жариялауына қолдау білдірген. Ресей президенті Владимир Путин – Медведчуктің қызының өкіл әкесі. Вашингтон АҚШ-тың Медведчукке қарсы санкциясын 2014 жылдың өзінде-ақ жариялағанын атап өтті. Украиналық саясаткер америкалық тізімге Украинаның қауіпсіздігін, территориялық тұтастығын және демократиялық институттарын "бұзғаны" үшін кірген.

"Украинская правда" газетінің жазуынша, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңес сондай-ақ сатылымы Медведчукке қатысы бар деген мұнай құбырларын мемлекеттендіру үшін шұғыл шаралар жөнінде шешім қабылдағанын жазды. Санкция аясында активтердің бұғатталуы қарастырылған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеме жасап, Украинаның Медведчукке қарсы санкция жариялауын "Донбасстағы әскери шешімге әкелуі мүмкін алаңдатарлық ақпарат" деп бағалады.


21 ақпан 2021, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.