Атырау, 5 мамыр 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Гарри ханзада мен әйелі ресми міндетінен біржола бас тартты

2 269 просмотра

Британ ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган Маркл король отбасының мүшесі міндетін атқаруын доғарады. Бұл туралы Азаттық радиосы Букингем сарайына (Ұлыбритания королінің ресми резиденциясы) сілтеме жаасап хабарлады.

Сассекс герцогы мен герцогинясы деген мәртебелі дәрежеге ие Гарри ханзада мен әйелі осындай ұйғарымға келгенін Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаға өздері айтқан.

Гарри енді құрметті әскери атақ-дәреженің барлығынан айырылады. Ерлі-зайыпты екеуі осыған дейін патша отбасының атынан қамқоршы міндетін атқарып келген қайырымдылық қорларындағы жұмысын да доғарады. Ол екеуінің осы міндеттерін патшайым II Елизавета король отбасының басқа мүшелеріне тапсырады.

"Екеуінің ұйғарымы баршаны қапаландарғанымен герцог пен герцогиня король отбасының сүйікті мүшелері болып қалады" деп хабарлады Букингем сарайы.

Гарри ханзада мен Меган Ұлыбританияға адал болып қалатынын және ресми шарттарға қарамастан, өздері қамқорлық танытқан ұйымдарға алдағы уақытта да қолдау білдіретінін мәлімдеген.

Былтыр қаңтарда Гарри ханзада мен Меган Маркл король отбасы мүшесі деген ресми атақ-дәреже мен британ патша тағына мұрагерліктен бас тартатынын мәлімдеген. Олар түрлі ресми шараға король отбасы атынан қатысуды тоқтатты, мемлекеттен қаржы алмайтын болды. Бұдан кейін ерлі-зайыпты АҚШ-қа қоныс аударды. Олардың осы ұйғарымынан бас тартуына бір жыл уақыты болды, бірақ шешімін өзгертпеді.

Британ патшайымы II Елизаветаның баласы Уэльс ханзадасы Чарльздің кенже ұлы Гарри ханзада мен америкалық актриса Меган Маркл 2018 жылғы 19 мамырда үйленген. Тойдан кейін олар Сассекс герцогы мен герцогинясы деген мәртебелі дәрежеге ие болған. Меган Маркл бұған дейін де тұрмыста болған. Ол британ патшасы отбасына келін болып түскен алғашқы мулат әрі актриса. Гарри екеуі шаңырақ көтергеннен кейін бір жылдан соң дүниеге тұңғышы – Арчи есімді ұл келді. Жақында ерлі-зайыпты тағы бір нәресте күтіп жүргенін хабарлаған.

21 ақпан 2021, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.