Атырау, 5 мамыр 16:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Көлігімен жүруден бас тартқан британдықтарға 4,2 мың доллар төленеді

2 228 просмотра

Ұлыбритания билігі қоршаған ортаны барынша ластайтын автомобильдердің иелері көліктерінен бас тартып, қоғамдық көлік, велосипед, электроскутер, каршеринг немесе такси қызметі пайдаланатын болса, онда оларға 3 мың фунт стерлинг (4,2 мың доллар) төлемек. Бұл жайында ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ел Үкіметінің қолдауымен жолдардағы кептелісті қысқарту және ауа сапасын жақсартуға бағытталған ілкі жоба осы жылдың көктемінде Ковентри қаласында басталмақ. Өтемақы 2006 жылдан 2016 жылға дейін конвейерден шыққан дизельді және бензинді қозғалтқышы бар автомобиль иелеріне ұсынылады. Бағдарлама 2 жылға есептеліп отыр. Аталған мерзім аяқталған соң оның тиімділігіне баға беріледі.

Біріккен Корольдіктің Көлік министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 2019 жылы британдықтар көліктерімен 574 млрд шақырым жол жүрген. Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 11 пайызға көп.

Велосипед және жаяу жүргінші мәселелері жөніндегі қайырымдылық ұйымының басшысы Ксавье Брйстың айтуынша, Ұлыбританияда көмірқышқыл газы шығарындысының басым бөлігі көліктерге тиесілі болып отыр. Бұл жайт жыл сайын ел экономикасына миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

20 ақпан 2021, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.