Атырау, 16 маусым 23:59
 ашықВ Атырау +37
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

Маман ЭКО жасатуға зейнетақы ақшасын алуға тыйым салу себебін түсіндірді

2 364 просмотра

Қазақстандықтарға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) үшін жинақталған зейнетақы қаражатын алуына рұқсат етілмейді. Мамандардың түсіндіруінше, аталған процедура үшін медициналық сақтандыру қорының квота саны жеткілікті деңгейде бөлінген, деп хабарлайды sputnik.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева биыл Қазақстанда "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы басталғанын және соның шеңберінде бөлінген қаражат есебінен ЭКО жасатуға квота алуға болатынын түсіндірді.

"Қазақстанда жыл сайын МӘСҚ шеңберінде мыңға жуық квота бөлінеді. Осы жылдан бастап квота саны жеті есеге – жеті мыңға көбейтілді. МӘСҚ аясындағы бұл қызметтер критерийлерге сәйкес мұқтаж отбасылар болып табылады. Сондықтан да мұндай қажеттіліктің бар-жоғы анықталған соң, бұл мәселені әрі қарай қарастырамыз және осы ережелерге енгізуге болады", – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Гүлнәр Сәрсенбаеваның пікірінше, жеті мың квота аталған санаттағы процедураны толығымен қамтамасыз ете алады.

19 ақпан 2021, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.