Атырау, 18 маусым 14:29
 ашықВ Атырау +31
$ 452.92
€ 484.99
₽ 5.12

​Астанада LRT құрылысы жалғаса ма?

1 962 просмотра

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы тоқтап тұрған Астана LRT жобасы алдағы уақытта қайта жандануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, барлық астаналықты LRT құрылысы алаңдатып отыр. 

«Жобаның құрылысы пандемия кезінде тоқтап қалған еді. Себебі, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де займ тарту керек», - деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

Елорда әкімі Астана LRT құрылысын салу үшін қаражат табу керегін атап өтті. «Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жанданды. Банктерден қаржыны алып, жұмысты жалғастыру керек. 

Салынған құрылыс нысандары қаланың көркін ашып тұрған жоқ. Құрылысқа қомақты қаржы бөлінді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деп түйіндеді сөзін ол.

10 ақпан 2021, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.