Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ-та мейрамхананы бір долларға сатпақшы

2 638 просмотра

Айова штатындағы мейрамхана иесі Ли Чжан тамақтану орнын пандемияға байланысты бір долларға сатпақ, - деп хабарлайды Тенгриньюз The Daily Iowan жергілікті порталына сілтеме жасап. 

Кәсіпкердің сөзінше, Lark & Owl караоке-бары локдаунға және басқа да карантин шектеулеріне байланысты үлкен шығындарға ұшырап, жалға алу бойынша үлкен қарыздары көбейіп кеткен. Тіпті жеткізу қызметі арқылы да Ли соңғы жылы ешқандай пайда көрмеген. 

Мейрамхананы жалға алу құны айына бес мың доллар және бұл жалғыз шығын емес. Бірнеше адам мейрамхананы сату туралы хабарламаға жауап берген, бірақ жалдау құны қымбат болғандықтан олар сатып алуға дайын емес екендерін айтқан.  

Lark & Owl мейрамханасынан бөлек Ли Чжан JiangHu AsianStreet Food Азия асханасының иесі. Пандемия кезінде мейрамханаға этникалық қоғамнан қолдау жасалған, сондықтан шығын көп болмаған. 

5 ақпан 2021, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.