Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​"Ол ешкімге ұқсамайтын": Астаналық азамат 30 жыл бұрынғы ғашығын іздеп жүр

4 380 просмотра
Лилия мен Төлеген Мұқанов. Видеодағы кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

55 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны 30 жыл бұрынғы ғашығын тапқысы келеді. Оның есімі – Лилия. Оның тегі ер адамның есінде қалмапты. Астана тұрғыны "Еуразия" бірінші арнасының тілшілеріне осыдан 30 шақты жыл бұрын ғашық болған сүйіктісін тауып беруді өтінген, деп хабарлайды Kaz.nur.kz

Төлеген Мұқанов Лилиямен Қарағандыдағы автовокзалдың орындығында танысқан. Ол кезде қыз мектепті енді бітіріп жатқан екен, ал Төлеген болса, техникумнан кейін университетке түсе алмапты. Төлеген өзінің Лилиядан бірнеше жас үлкен екенін есіне алды. Бір жыл хат-хабар алмасқаннан кейін Төлегенді Қиыр Шығысқа әскер қатарына алып кетеді. Ғашықтар содан бері кездеспеген. "Ол өзгеше болатын, ешкімге ұқсамайтын. Басқа қыз-келіншектерден ерекшеленді. Ол менен ешнәрсе талап етпеді, ол осындай даналыққа толы, көркем сөздермен хат жазатын. Мен оның хаттарына риза болдым", – деп еске алады ер адам.

Төлеген екі рет үйленген, оның бойжеткен қызы бар, бірақ Лилияны ұмыта алмай келеді екен. Алғашқы кездесуі мен ғашығының қандай көйлек кигеніне дейін Төлегеннің есінде. "Егер ол тұрмыста болса, жанында ер азаматы болса, бақытты өмір сүріп жатса, мен оған амандық, бақыт және өмірінің гүлденуін тілеймін", – деді Төлеген. Егер Лилияның басы бос болса, онда ер адам онымен кездескісі келеді. "Лилия, қымбаттым, егер сен мені естіп тұрсаң, мен сенің қай жерде екеніңді, қайда тұратыныңды білгім келеді. Егер Қазақстанда болсаң, тіпті шетелде тұрсаң да, саған барамын. Мені естіп, іздеп тапқаныңды қалаймын, біз бір-бірімізді іздеп жүрген секілдіміз, мен оны сеземін", – деді Төлеген ғашығына.


5 ақпан 2021, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.