Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі комиссия құру ұсынылды

2 619 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліске "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасын ұсынды. Заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов заң жобасын таныстыра отырып "Өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары" өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін институционалдық негізді және мемлекеттік ынталандыру шараларын реттейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, институционалдық жағдайлар бірінші кезекте өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды ведомствоаралық тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге негізделеді.

"Бүгінде өнеркәсіпке байланысты функциялар түрлі ведомство бойынша бөлінген. Өнеркәсіптік саясатты тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделеді, оны премьер-министрдің орынбасары басқаратын болады, ал оның мүшелері - мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар", - деді Ержанов.





5 ақпан 2021, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.