Атырау, 2 маусым 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +32
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Мақаттағы қазан қалай пайдаға асты

Сурет Бейнежазба
3 608 просмотра

2019 жылы Мақат кентінде бос тұрған ауыз су жинайтын қазанның бірін игілікке жаратуға шешім қабылданды. Ол ғимаратқа жастар орталығын, өлкетану мұражайын, көрме залын орналастыру көзделді. Өткен жылдың тамыз айында мердігер «ДанСтройЛТД» ЖШС-і  сол ерекше ғимаратты пайдалануға тапсырды.

Орталықтың жалпы алаңы 1059 шаршы метр, биіктігі 14,5 метр. Ішінен қабырғасы кірпішпен қаланған, бөлмелерге бөлінген, терезелері бар үш қабатты ғимарат шықты. Қазанды әсем ғимаратқа айналдыруға бюджеттен 170 млн теңге жұмсалды.

Өткен жылы пандемияға байланысты орталықта көп жұмыс болған жоқ. Бірақ, ондағы қызметкерлер желдеткіш дұрыс жұмыс жасамай, терезелер ашылмайтынын айтты. Осыған байланысты біз аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қаржау ШАРҒАБАЕВҚА жолықтық.

- Желдеткіш қалпына келтірілді. Күн жылынса терезелер ауыстырылады. Бұл жұмыстарды мердігер кепілдік мерзіміне сай өз қаржысына жасайды. 

- Техникалық қазанды жастар-мәдени орталығына айналдыру жұмысы өзін-өзі ақтайды деп ойлайсыз ба? Кентте тағы да қазандықтар бар. Оны да осы бағытта пайдалану ойларыңызда бар ма?

- Көлеміне қарай ондай қаржыға жеке ғимарат салуға әбден болады. Ал кенттегі басқа қазандардың өз иелері бар.  Әзірге оларды сатып алып, пайдаға асырамыз деген жоспар жоқ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

8 ақпан 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.