Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Беларусь интернетпен қамтылу жағынан Еуропада көшбасшылардың бірі

1 907 просмотра

Елде сымсыз кең жолақты интернетке қосылу 100 тұрғынға шаққанда 95 бірлікті құрайды. Бұл туралы Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченко «Digital Almaty 2021» форумында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, жаңа технологиялар дүниежүзілік экономиканың құрылымын өзгертуде. 

Бұл технология ел мәдениетіне көптеген өзгертулер енгізуге әкеліп жатыр және жаңа қызметтерді құруды қажет етеді. Екінші жағынан бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, жаңа нарыққа шығуға ісер етуде. Беларусь мемлекеті үшін экономиканы цифрландыру трансформациясы ішкі және сыртқы жағдай бойынша да қолға алынған, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол елде сымсыз кең жолақты интернетке қосылу 100 тұрғынға шаққанда 95 бірлікті құрайтынын айтты. 

Оптикалық талшық байланыс желісі барлық елдімекенге тартылған және нысандарды осы желімен қамту бойынша Еуропада көшбасшылардың біріміз. Ұялы байланыстың төртінші буыны 4G мен халық тұрып жатқан жердің 95 пайызы қамтылған. Бұл ТМД елдері арасындағы жақсы көрсеткіш, - дейді Роман Головченко. 

Сөз арасында ол Беларусьте бұрыннан ірі IT кластер жұмыс істеп келе жатқанын және ол өз өнімін экспортқа шығара бастағанын жеткізді. 

Бізде жоғары технологиялар паркі бар. 2020 жылы оның экспорты 2,5 млрд долларды құрады. Бұл экспортталған қызметтердің тек 20 пайызы ғана. Пандемия барлық елге жаңаша жұмыс істеу қажеттігін көрсетті. Цифрлы технологияны енгізу мұндай қиындықты төмендетудің басты шешімі, - дейді ол.
5 ақпан 2021, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.