Атырау, 18 мамыр 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ, қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан – дәрігер Көнеев

2 275 просмотра

Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер Қайырғали Көнеев 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Оның айтуынша, вакцинаның сапасына күмән жоқ. Бірақ біздің ел үшін жаппай вакцинациялау қажет емес.

Ұжымдық иммунитет қалыптасып үлгерді. Бірақ оны тексеріп, скринг жүргізіп жатқан ешкім жоқ.

«Бекшиннің айтуынша, (Жандарбек Бекшин – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – ред.) қала халқының 55 процентінде коронавирусқа қарсы антитела бар. Алматылықтардың 55-60 проценті коронавируспен бір ауырып, тәуір болды. Осы жағдайда Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ. Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан деп ойлаймын», – деді дәрігер 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасында журналист Ирина Советжанқызына берген сұхбатында.

5 ақпан 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.