Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Садыр Жапаров: Қырғызстанда Премьер-Министр қызметі болмайды

2 200 просмотра

Қырғызстанда елдің Премьер-Министрі қызметі таратылады. Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол сондай-ақ бір-бірінің қызметін қайталайтын министрліктердің таратылатынын хабарлады. 

Мемлекет басшысы бұл оқиғаға дейін кем дегенде 6 ай бар екенін, ал бұған дейін үкіметтің жұмыс істейтінін жазды.

«Осы уақытта жаңа Конституция мен жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Конституцияны қабылдау аясында жаңа реформалар, өзгерістер болады, тек заң негізінде тексерілген жаңа кәсіби кадрлар ғана келеді», - деді ол. 

Өз сөзінде Садыр Жапаров аталған міндеттерді іске асыруға уақыт қажет екенін қосып өтті.

4 ақпан 2021, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.