Атырау, 18 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

SCAT-қа қатысты қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп жатыр

1 838 просмотра

Бас прокуратура SCAT әуекомпаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаңтардың соңында әлеуметтік желілерде Бас көлік прокуратурасы SCATС әуекомпаниясына қатысты тергеу жүргізіп жатыр деген ақпарат пайда болды.

SCAT әуекомпаниясына қатысты кейбір рейстерді дотациясы бойынша бөлінген қаражатты жұмсауға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Менің білуімде, бұл арада 3 миллиард теңгенің шығыны жайлы сөз болып жатыр, бірақ компания мұндай айыппен келіспейді, - деп хабарлады Kozachkov offside Телеграмм-арнасы.

Zakon.kz редакциясы Бас көлік прокуратурасына түсініктеме беру ресми сауал жолдады. Алайда тергеуді Бас прокуратура жүргізіп жатқан болып шықты.

Жолдаған сауалдарыңыз бойынша мынаны хабарлаймыз, SCAT әуекомпаниясына қатысты ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі 189-бабы (Басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды, - делінген құзырлы органның жауабында.

Әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Алайда сол Телеграмм-арнада SCAT компаниясының Қазақстан Республикасының Президентіне үндеуі жарияланды.

Үндеудегі дерекке сүенсек, 2019 жылдың қараша айында Бас көлік прокурорының шешімі негізінде әуекомпанияға қатысты жоспардан тыс тексеру басталған. Хатта оларға тексеру нәтижелері туралы хабарланбағандығы айтылған. Содан кейін әуекомпания сотқа дейінгі тергеудің басталуына мемлекеттік аудитордың 2020 жылғы 31 қаңтардағы қорытындысы себеп болғанын біледі.

Істе айтарлықтай заң бұзушылықтар болды, бұл әуекомпаниясының өз мүдделерін қорғау құқығын толығымен жүзеге асыруына кедергі келтірді. Әуекомпания аудитке қатыспаған, ешқандай құжат ұсынбаған, аудиттің мазмұнымен таныс емес, делінген хатта.

Аудитке тартылған тәуелсіз сарапшының пікіріне сүйене отырып, әуекомпания мемлекеттік аудитордың пікірі сенімсіз және заңсыз болды деп мәлімдейді. Әуе компания оларды ақша жымқырды деп заңсыз айыптағысы келеді деп санайды.

4 ақпан 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.