Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіз - Құлсары - Атырау электр желілері күшейтіледі - Ноғаев

2 759 просмотра

2021 жылы батыс аймақтың электр желілерін нығайту жұмыстары басталады. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің есебінде екі аймақтағы жобалар қарастырылды: оңтүстік және батыс.

Министрдің баяндамасында оңтүстік және батыс аймақтағы жобалар қарастырылды.

"Еліміздің оңтүстік өңіріндегі электр желілерін күшейтуге қатысты ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Желілерді күшейтудің негізделген тәсілін әзірлеу үшін «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп тәуелсіз ғылыми институт тартылатын болады. Батыс өңірдің электр желілерін күшейту шеңберінде 2021 жылы Теңіз – Құлсары – Атырау – Индер – Оң жағалау – Орал бағыты бойынша 220 кВ электр желілерін күшейту жұмыстары басталады"- деді Ноғаев. 

"Аталған жобалар мен жаңа қуаттарды оңтайлы орналастыру үшін ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленеді. Теңгерімді әзірлеу кезінде батыс өңірінің электр желілерін Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен біріктірудің ұтымды нұсқасы айқындалатын болады (2021 ж. желтоқсан).", - деп толықтырды сөзін министр.

4 ақпан 2021, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.