Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Макс Боқаев бостандыққа шықты

Сурет Бейнежазба
4 577 просмотра
Сурет: Н.Нұғыманов/Azh.kz

Бүгін, 4 ақпанда таңғы сағат 6.00-де Макс Боқаев колониядан босатылды.

Боқаевтың айтуы бойынша, таңертең ерте күтпеген жерден оның барагына ҚАЖ қызметкерлері  келіп, заттарын алып шығуын сұраған.

Макс Боқаев. Бостандықтағы алғашқы сурет. Әлеуметтік желіден алынды.

«AЖ» ақпараты бойынша, бұл саяси белсендіні босату кезінде дүрлігісті туғызбау және колония қақпасының алдына Боқаевпен кездескісі келетін адамдарды жинамау үшін жасалған.

Колониядан Макс өзін қарсы алған белсенділермен бірге Исатай мен Махамбет алаңына қарай жүрді. Сол жақтағы тілшіміздің айтуынша, алаңда интернет байланысы толық өшірілген.

Енді Макс үйіне, анасына кетті.

Сурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kzСурет: Н.Нұғыманов/Azh.kz

Атыраудың орталық алаңында бостандыққа шыққан саяси тұтқын 50-ге жуық белсендімен сөйлесіп тұрғанда: «жай киінген адамдар» сырттан бақылап тұрды. Бұрын хабарланғандай, бұл жерде ұялы байланыс пен интернетті ажыратып тастаған - ешкім қоңырау шала алмайды, тікелей эфирге шыға алмайды. Макс Боқаев былай деді:

- Биыл жерге мораторий аяқталады. Егер тағы да митингке шығу керек болса, мен шығамын. Бізде жерден басқа не қалды? Түрмеден қорқудың қажеті жоқ. Егер қажет болса, отырамыз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет.

Бәрі «Қазақстан Республикасы жасасын!», «Саяси тұтқындарға бостандық!», «Арон Атабекке бостандық!» деп айқайлады.

Боқаев бүгін баракқа оған таңғы сағат 6 шамасында келгендерін айтты.

- Маған судья Дәулешеваның қосымша шектеулер туралы қаулысын табыстады: телебағдарламаларға, телекөпірлерге, конференцияларға, пікірсайыстарға қатысуға, әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынған. Бұл сот процесі 2 ақпанда менің және адвокатымның қатысуынсыз  өтті. Бірақ мен адвокатымсыз ештеңеге қол қойған жоқпын.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 ақпан 2021, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.