Атырау, 18 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Мектептегі сабақ тоқтамайды, мұғалімдер жеткілікті»

2 948 просмотра

Бүгін, 3 ақпанда ата-ананың бірі WhatsApp-қа ата-аналар чатынан «ертеңнен, яғни, 4 ақпаннан бастап 5- және 9- сыныптарда оқытушылар құрамының жетіспеуіне байланысты оффлайн сабақтар тоқтатылады. Ал оқу процесі бұрынғы кесте бойынша онлайн режимінде жалғасады» деген хабарламаны жолдады.

Ол бұл хабарламаны №38 мектептің (бұрынғы техникалық гимназия) 5-сынып жетекшісі жібергенін айтты. «AЖ» білім басқармасынан комментарий сұрады. Олар мұның жалған ақпарат екенін айтты. Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Амантай ҚҰСЫНОВ та WhatsApp қосымшасында кадрлардың жетіспеушілігінен оффлайн сабақтардың болмайтыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша, қазір Атырау мектептерінде 21770 адам оффлайн режимінде білім алуда. Егер оқу процесінде қиындықтар туындаса, қалалық білім беру бөліміне 32-10-20 телефон нөміріне қоңырау шалу керек.

Бір қызығы, осы шудан кейін сынып жетекшісінің хабарламасы жалпы чаттан ғайып болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 ақпан 2021, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.