Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудың желі туды желбіретпей тұр

Сурет Бейнежазба
4 180 просмотра

Жаңа 2021 жыл қарсаңында Атырауда салтанатты түрде тутұғыр ашылды. Бірақ кейінгі айларда мемлекеттік рәмізіміз 91 метрлік биіктікке бірнеше рет көтерілді.

Бірінші қаңтарда желдің күшеюіне байланысты туды түсіріп тастады. Қала тұрғындары тудың кез-келген уақытта желбірей алмайтынын тез түсінді, өйткені оны желден және басқа қолайсыз ауа райынан қорғау керек. Төбесі көкке шаншылған жалаусыз тұрған ұштығы әлеуметтік желіде соңғы ай ішінде түрлі пікір тудырды.

«Бізде үнемі жел болатынын ескерсек, жалауымыз жылына бірнеше рет қана желбірейді. Осы тутұғырға соншама ақшаны жойғаны өкінішті!», «үнемі жел тұратын қалаға мұндай нәзік әрі қымбат құрылыс салудың қажеті қанша еді?» деген секілді наразылықтар да болды. Бұдан басқа, нысанның жалпы көрінісі қала тұрғындарының сұрағын тудырды. Ресми ақпаратқа сәйкес, тутұғыр композициясы ұзындығы 80 м доға тәрізді эркерлі композиция ансамблі мен субұрқақтарды қамтиды. Композицияның орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының қоладан жасалған картасы, жоғарғы бөлігінде елтаңбасы, шеттерінде мемлекеттік әнұранның мәтіні орналастырылған.

Оқырмандар картада республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының атауын көрсетуге болар еді деп санайды. «Гимн» сөзінің «Әнұран» деген қазақ тіліндегі аудармасы да жазылмағаны таңқаларлық. Әнұранның бірдей мәтіні картаның екі жағында орналасқан. Екінші жағына Қазақстан туралы тарихи ақпарат немесе нақыл сөздер жазуға болар еді. Доға тәріздес формадағы эркерлік композиция екі жағынан қара мәрмәрмен көмкерілген. Қала тұрғындары бұл жерде ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырларды бейнелейтін панно орынды болар еді деп есептейді.

 «АЖ» осы және басқа да сауалдарды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне қойды. Оның редакция сауалына берген жауаптары мынадай.

- Нысанды пайдалану бойынша қай мекеме жауапты?

- Қазір ол пайдалануға берілді, енді ол жылжымайтын нысан ретінде Атырау қаласының әділет органдарында тіркелуде. Тіркелгеннен кейін бүкіл құжат қалалық ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің балансына қабылдану үшін қаржы бөліміне беріледі.

- Нысанды күтіп ұстауға жылына қанша сома қарастырылған? Қаржыны кім бөледі?

- Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.

- Қандай негізде ту көтеріліп, түсіріледі (ауа райы болжамы және т.б.)?

- Желдің жылдамдығы секундына 8 м-ден асқанда немесе жауын-шашын болған кезде ту түсіріледі.

- Тудың өзі қандай материалдан жасалған?

- Шикізат құрамы - 100% полиэфир мата. Тозуға төзімді тығыздығы 90 г/м2-ден кем емес .

- Тудың «төзімділігі» қандай, оны ыстықтың, желдің, қардың, қандай да болмасын ластанудың әсерінен қаншалықты жиі ауыстыруға тура келеді?

- Тозуына қарай. 

- Оны жууға бола ма, кішігірім ақаулар болған жағдайда (кірленсе, тесілсе, жыртылса) кім қалпына келтіреді?

- Тудың көлемі үлкен болғандықтан оны жуу қарастырылмаған. Азғана жыртылған жерлері болса жөндеп тігуге болады.

- Тутұғырда ілулі тұрған ту ластанған немесе бүлінген жағдайда  артық (немесе бірнеше) ту бар ма?

- Бар.

- Туды көтеру тетігі қандай - қолмен тартып көтере ме, әлде электр жетегімен бе?

- Электр жетегімен.

- Тымық ауа-райында ту қалай желбірейді - бұл жағдайда арнайы механизм бар ма?

- Жоқ, қарастырылмаған.

Әрі қарай баспасөз қызметі маған Атырау қаласындағы мемлекеттік рәміздер алаңының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қызмет көрсетудің техникалық регламентімен танысуды ұсынды. Сонымен, ту - жалпы ауданы 450 ш. м. болатын тік төртбұрышты мата. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 15:30. Тутұғырдың биіктігі діңгек табанынан жоғары 91 метр болады. Ол тиісті өлшемде, беріктігі жоғары материалдан дайындалған, түсі мен көрнекілігі эталонға сәйкестігі сақталып жасалған. Мемлекеттік туды пайдалану төмендегі қағидаттармен анықталады:

- бұлтсыз және тымық ауа райында үнемі көтеріліп тұру керек;

- аза тұту күндері жоғарғы жағына ұштары бос, бүктелген қара лента бекітіледі; тутұғырдың жартысына дейін ту төмен түсіріледі;

- қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларда (қар, жаңбыр, жылдамдығы 8 м/с жел) мата тиісті ауа райы жағдайы басталғанша алынып тасталады;

- жылына кемінде бір рет көтеретін/түсіретін негізгі болат арқан, сондай-ақ ту табанын бекіту арқаны ауыстырылады.

- айына кемінде бір рет бекіту карабиндерінің және көтеретін/түсіретін механизм болат арқанының тұтастығы тексеріледі;

- тоқсан сайын кемінде бір рет көтеру/түсіру механизмін майлайды.

Осы процестердің барлығын бақылау уәкілетті орган ретінде Атырау қаласының әкімдігіне жүктелген. Қоғамдық бақылауға рұқсат етіледі және құпталады - жеке және заңды тұлғалар бүліну, тозу немесе басқа ақаулар бойынша тиісті мекемелерге жүгіне алады.

- Үнемі жел тұратын өңірімізде тутұғырды орнату қаншалықты маңызды және қажет болды?

- Ту Қазақстан Тәуелсіздігінің мәртебесін білдіреді. 2017 жылы жоба облыстық мәслихат депутаттары алдында қорғалды.

- Тутұғырда жарық беретін шамдар орнатылған (ұшатын объектілер үшін) - олардың жұмыс істеу механизмі қандай, қажет болған жағдайда олар қалай ауыстырылады? Мамандарды қауіпсіз көтеруге арналған жабдық бар ма?

- Жарық беретін шамдар орталық желіден қуатталады. Штоктың ішіне шахталық баспалдақ қарастырылған.

- Композиция жобасын кім әзірледі, неліктен оң жағы мен сол жағына әнұранның мәтіні екі рет жазылған? Бір жағына Қазақстан картасын бейнелеп, еліміздің тәуелсіздігі туралы тарихи анықтамамен немесе нақыл сөздермен безендіруге болмады ма?

- Жоба қала сәулетшісімен келісілді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Республикада ең үлкен туы бар ең биік тутұғыр Астанадағы мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Ол 2011 жылы орнатылған, биіктігі - 111 метр.

Тутұғыр - таза қазақстандық өнім емес. Әлемдегі ең биік тутұғыр Сауд Арабиясында (170 метр), екінші орында - Тәжікстан (165 метр), үшінші орында - Әзірбайжан (162 метр).

3 ақпан 2021, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.