Атырау, 18 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Макс Боқаевқа жету қиын болды

Бейнежазба
3 607 просмотра

Сурет Facebook-тен алындыСурет Facebook-тен алындыСурет Facebook-тен алындыСурет Facebook-тен алынды

Ертең, 4 ақпанда, Атыраудағы иүзеу колониясынан Макс БОҚАЕВ бостандыққа шығады. Ал оны күтіп алу үшін Атырауда азаматтық белсенділер мен журналистер жиналып жатыр. Бүгін тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат MAMAЙ және Жаңаөзен, Ақтөбе, Павлодар, Петропавлдан бірнеше белсенді азаматтар келді.

Ал «Орал апталығы» газетінің редакторы Лұқпан АХМЕДЬЯРОВТЫ Атырауға бара жатқан жолда полиция алып кетті. Бұл туралы сол басылымның журналисі Рауль УПОРОВ бізге телефон арқылы айтты:

- 2 ақпанда кешкі сағат жетіде біз Атырау бағытына қарай жолға шықтық. Оралдан шыға берісте полиция қызметкерлері жолды жауып тастады, біз Перелетное ауылы арқылы айналма жолмен өтіп, Үлкен Шаған кентінің маңынан трассаға қайта шықтық. Ол жерде бізді полиция күтіп алып, жолда тұман, жүруге қауіпті деген желеумен ары қарай жүруге рұқсат бермеді. Біз кері бұрылып, қалаға қайтып келдік. Ал бүгін таңертең сағат 7-де бірден айналма жолмен кеттік. Жолдың бір бөлігін кедергісіз жүріп өттік, бірақ Көшім ауылының тұсында инспектор тоқтатып, тұман әлі сейілген жоқ, күте тұрыңдар, себебі  Атыраудың жолына шығуға әлі рұқсат берген жоқ деді. Ол тек бізді ғана тоқтатты. Арада үш сағаттан астам уақыт өтті, жолда көліктер жиналып қалды. Осының бәрі ішінен полиция қызметкерлері түскен шағын автобус келгенде ғана аяқталды, олар Лукпанға бұдан бұрын Орал қаласында қолына тапсырса да, 2-сі күні жауап алу үшін шақыру қағазын тағы берді (Уральскіде ол ҚР ҚК-нің 423-бабы «Сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот отырысының мәліметтерін жариялау» бойынша қорғану құқығымен куәгер ретінде қатысуда. - Н.Х.). Бірақ олар оны алып кетті. Осыдан кейін жолды бірден ашып жіберді. Әрі қарай Лұқпансыз кеттік, ал Чапаев ауылының маңында олар бізді тағы да тоқтатып тастады - полицейлер біздікіндей нөмірі бар көлікке бағыттама алған екен. Олар осы көліктің қатысуымен бүгін таңертең Круглоозерное ауылы маңында жол-көлік апаты болғанын айтты. Бір қызығы, біз ол жерде мүлдем болған жоқпыз. Жүргізушінің құжаттарын алмақ болып еді, бірақ ол берген жоқ. Қазір жүргізушіні Чапаев аудандық полиция бөліміне алып келді, одан жауап алып жатыр. Біз қазір көлікте күтіп отырмыз. Мұның бәрі Макс Боқаевтың босатылуына байланысты - полиция біздің Атырауға жетуімізге барлық жағынан кедергі келтіруде. Бірақ одан не болады, бәрібір мен бір аптадан кейін Атырауға келіп, Макспен кездесемін, - деді біздің әріптесіміз. 


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 ақпан 2021, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.