Атырау, 18 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Депутат қазақстандықтарға 20 сотық жерден бөлуді ұсынды

1 923 просмотра

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премьер-министр Асқар Маминге үй салу және үй шаруашылығын жүргізу үшін әр отбасына 20 сотық жер бөлу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды kaz.nur.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол бұл бастама Қазақстан халықтық партиясының бағдарламасында ұсынылғанын еске салды. Ұсынысқа қызығушылық танытып, қолдау білдіріп отырған қазақстандықтардың санып артып жатқанын алға тартқан депутат, азаматтардың басым көпшілігі үшін өз жерінің болуы өте маңызды екенін сөз етті.

"Ұсыныс Халық партиясының бағдарламасында жайдан-жай пайда болған жоқ... Бұл - партияның әлеуметтік, экономикалық және тіпті идеологиялық күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Қазір көптеген стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, бізде қандай қоғам құрып жатқанымыз туралы нақты көзқарас жоқ. 

Өкінішке қарай, индустриялық бесжылдықта да, дамудың стратегиялық жоспарларында да адамдардың өмір сүру деңгейіне қатысты нақты нұсқаулар жоқ. Ал сол арада тұрғындар күн санап кедейленуде. Қазақстандықтардың доллардағы нақты қолда бар кірісі 2008 жылдан бастап ұдайы төмендеп келеді", - дейді Қоңыров. 

Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Қоғамның кедейлер мен аста-төк байларға жылдам бөліне бастауының қазіргі моделі қоғамды тұрақсыздандыру қаупін төндіреді деп санайды халық қалаулысы. Қоңыров әркімнің лайықты өмір сүруге мүмкіндігі болуы керек деген пікірде.

"Өкінішке қарай, жеке тұрғын үй салу үшін әркімнің 10 сотық жер алу құқығына қатысты қолданыстағы ереже қалаларда жүзеге аспауда. Бұған жалғыз себеп бар - ешкім бұл мәселені шешуге тырыспады. Мәселе инфрақұрылымның немесе жердің жеткіліксіздігінде емес. Тек бұл бастама бойынша негізделген есептеулер жасалмады және шын мәнінде екінші кезектегі мәселеге жатқызылды. Оның орындалуына ешкім жауап бермейді", - деп қосты Коңыров. 

Қазақстан халық партиясы Үкіметті әркімнің өз үйін салуы үшін жағдай жасауға шақыруда. 

 "20 сотық жерді беру - бұл айтарлықтай қымбатқа түсетін әлеуметтік бастама емес. Дұрыс тәсіл қолданылған жағдайда, оның прагматикалық экономикалық мәні зор", - дейді депутат.

3 ақпан 2021, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.