Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Біржолғы зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды

2 003 просмотра

Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті", - дейді баспана иесі.

Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы "Отбасы Банктен" алуды ұйғарған.

"Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым", - дейді кейіпкер. - Ипотеканы "Отбасы Банктегі" аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.

Банк өкілдері баспана иесін 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейтіні қуантқанын жазды.

"Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады", - делінген хабарламада.

3 ақпан 2021, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.