Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жылыойда мұғалім мен дәрігер жетіспейді

2 357 просмотра

Жылыой ауданының әкімі Халел ЖАМАЛОВ Жылыой тұрғындарының алдында онлайн есеп беру барысында ауданда мектеп мұғалімінің 24 орны бос екенін айтты. Математика, информатика, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдері жетіспейді. Өткен жылы №6 мектептің үш бастауыш сыныбын жабуға тура келген.

Жамаловтың айтуынша, облыстық білім беру басқармасына, Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-ге, өзге де оқу орындарына бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға хат жолданған. Дәрігерлердің жетіспеушілігі де өткір тұрған өзекті мәселеге айналған. 

- Өткен жылы ауданға 13 маман дәрігер келді. Бірақ әлі де 25 дәрігер жетіспейді: 10 жалпы тәжірибелі дәрігер, екі инфекционист, екі анестезиолог-реаниматолог, гастроэнтеролог, реабилитолог, функционалды диагностика дәрігері, травматолог-ортопед, онколог, офтальмолог, фтизиатр, невропатолог, психиатр, сәулелі диагностика маманы, клиникалық фармаколог, – деп санамалап шықты әкім.

Қазіргі кезде Құлсарыда гемодиализ орталығы жұмыс жасайды. «Созылмалы бүйрек ақауы» диагнозымен 23 пациент диспансерлік есепте тұр, оның 18-і гемодиализ қабылдайды.

Бұдан басқа, туберкулездік аурухана ғимараты жанынан ашылған 40 кереуеттік инфекциялық  стационар және 60 орындық провизорлық стационар жұмыс жасауда.

Х. Жамаловтың мәліметіне сәйкес, 27 наурыз – 31 желтоқсан аралығында Жылыой ауданы бойынша коронавирус инфекциясының 1 190  жағдайы тіркелген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 ақпан 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.