Атырау, 18 мамыр 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мүгедектігі бар жандарды қолдау мәселесі талқыланды

2 270 просмотра

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін, жаңа жәрдемақы енгізілмек. Бұл жаңашылдық 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа қатысты болмақ, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Отырыста мүгедектігі бар жандарды қолдаудың оңтайлы тетіктері ұсынылды. Сондай-ақ, көтерілген мәселерді қабылдауда бюджет қаражатын қосымша бөлуді қажет етпейтінін министр атап өтті. Айта кетейік, өзгерістер салаға алдағы 3 жылдыққа бөлінген 55,4 млрд теңге қаржы шеңберінде іске асырылмақ. Құжаттың маңыздылығын министр былай түсіндірді. 

Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік жетілдіру. Әлеуметтік қызметтер арқылы инвотакси және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды рәсімдеу, табысы аз отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелерін әзірледі. Өзгерістер тұрғын үй кезегіне тұрғандарға да енгізілмек. Қолданыстағы заңға сай, қазір кәмелетке толмаған мүгедектер де баспана кезегінде тұр. Бірақ 18 жасқа дейін олар үй алып үлгермесе, кезекке кәмелетке толған ретінде қайта тұруға мәжбүр. Министр қайта-қайта кезекке тұру тиімсіздігін дәлелдеп, алдыңғы кезекті сақтауды ұсынды. Айтып өтейік, қазір кәмілет жасына толмағандар арасында 20 мың адам пәтер кезегінде тұр. Сонымен қатар асыраушысынан айрылған мүгедектерге берілетін жәрдемақы мәселесін де көтерді. 

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін  арттыруға мүмкіндік береді. Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақы алатын болады.

2 ақпан 2021, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.