Атырау, 18 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Үлескерлік құрылыс нарығындағы алғашқы алаяқтық

Бейнежазба
2 210 просмотра

- Бұл Атыраудағы үлескерлік құрылыс нарығындағы алаяқтықтың алғашқы оқиғасы, - деді Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет МҮТӘЛИЕВ Жеңіс саябағы ауданында өзен жағасына тұрғын үй кешенін салуға уәде берген компанияға қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі сипаттап.

Компания үлескерлерден қаражат тартып (олар 2 млн-нан 20 миллион теңгеге дейін жарна төледі), 2019 жылдың аяғына дейін өзен жағасынан тұрғын үй кешенін ұсынуға уәде берді. Бірақ 2019 жылдың аяғында да, өткен 2020 жылы да адамдар пәтерін ала алмады. Оның үстіне, құрылысшылар полицейлерге шағым түскеннен кейін де үлескерлерден ақша қабылдаған екен. Зардап шеккендердің бірі Әселдің айтуынша, 2019 жылы кейбір үлескер ақшасын қайтарып беруді талап етіп, полицияға арыз жазған. Ал бұл уақытта жаңа үлескерлерге «күнде ертеңмен» уәде беріліп, кезекті жарна қабылдауды жалғастырған.

Олардың ақшасы алғашқы үлескерлердің жарнасын ішінара өтеуге жұмсалған. Олар мұның бәрін кейінірек, бір чатқа біріккен кезде білді. Сол жерде бір пәтердің бірнеше сатып алушыға сатылғаны белгілі болды. Кейбір үлескерлер фирмаға бүкіл жиған-тергенін беріп, көлігін сатып, жақсы жерден әдемі үй алуға үміттенген.

Полиция басқармасы бастығының орынбасары Болат КӨШҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, компанияның өз жері болмағандықтан, үлескерлерден қаражат жинауға құқығы жоқ.

- Іс жүзінде бұл компания тек жобалаумен айналысады. Тұрғындар құрылысқа қомақты қаржы салды. Олар компанияның бүкіл құжатын тексеріп, олардың рұқсат құжаты, лицензиясының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс еді, - деді Б.Көшқалиев.

Полицейлердің айтуынша, негізгі күдікті – осы компанияның құрылтайшысы әлі табылған жоқ.

- Біз құрылтайшы туралы интернеттен ақпарат іздестірдік. Оның белсенді жұмыс жасап, Алматы мен Ақтөбеде ЖК мен ЖШС ашып жүргені, интернетте оның жаңа компанияларының заңды мекенжайы бар екені анықталды. Мұның бәрі ресми түрде мемлекеттік органдар арқылы тіркеледі. Сонда қалайша оны таба алмайсыздар? – деп таң қалады үлескерлер ПД ғимаратындағы полицейлермен болған осы кездесуде.  

Тәртіп сақшылары бұл істі ерекше бақылауға алуға уәде берді, оның үстіне, бұрын үлестік құрылыс нарығында мұндай алаяқтық оқиғасы болмаған.

Қазір күдіктінің ұсталып, тергеу абақтысына қамалғаны белгілі болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

2 ақпан 2021, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.