Атырау, 18 мамыр 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ТШО-ның қаламызға тарту еткен автобустары Ақтауда қызмет көрсетіп жүр

2 767 просмотра

2019 жылдың шілдесінде «Теңізшевройл» Атырауға 30 жаңа автобус сыйлады. Алайда бір жылдан сәл астам уақыттан кейін бұл сыйлық мұнайлы астанадан Ақтау қаласына берілді. Неліктен бұлай болды - «АЖ» материалында.

2019 жылы Атырауда жолаушылар тасымалы үшін «Akzhayk Avtopark» ЖШС құрылды. Сол кезде оның әлі көлігі болған жоқ, сөйтіп ТШО қалаға  жаңа Ankai маркалы 30 автобусты сыйға тартуға шешім қабылдады. Бастапқыда олар облыстық әкімдіктің балансында болды, кейін «Атырау ӘКК» АҚ қарамағына берілді. «Akzhayik Avtopark» ЖШС жеке ұйым ретінде 2019 жылдың шілдесінде «Атырау» ӘКК-нен осы 30 автобусты жалпы сомасы 1 миллиард 426 миллион 532 мың теңгеге лизинг шарттарымен сатып алды. Олар үшін ай сайын 27 миллион 625 мың теңге төлеп тұрады. Олар Атырауда №7 және 14 маршруттар бойынша жолға шығып бастаған еді, бірақ бір жылдан кейін Ақтауға жалға берілді.

Бұған дейін «AЖ» метанмен жүретін  қытайлық 170 автобустың олар үшін арнайы жанармай құю бекеттері дайындалмағандықтан Атырауда бірнеше ай бойы босқа тұрғанын жазған еді. Бірақ биыл қаңтардың басында олар ақыры маршруттарға шықты.

- Осылайша, қолданыстағы 140 автобусқа экологиялық отынмен жүретін 170 автобус қосылды. Яғни, қаланың қажеттілігі, тіпті жаңа маршруттар енгізіліп, жүру уақыты жиілесе де, толық қамтылған, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға. - Жоғарыда айтылған дизель отынымен жүретін 30 автобус көлік паркінің өзіне де, қала бюджетіне де қаржылық ауыртпалық түсіріп отыр. Өйткені қызмет көрсетілетін маршруттарға бөлінетін мемлекет субсидиясының сомасы жұмылдырылған автобустардың санына тікелей байланысты.

Айтқандай, пандемия кезінде «Akzhayk Avtopark» жолаушылар ағынының күрт азаюына байланысты лизинг бойынша ай сайынғы міндеттемелерін орындау үшін қаражат тапшылығына тап болған.

- Ankai маркалы 30 автобус үшін ай сайынғы 27 млн 625 мың теңге төлемді жабуға автопарк оларды Ақтау қаласындағы «Каспий Авто Парк» ЖШС-не жалға беру туралы шешім қабылдады. Жалға беру сомасы төлем кестесімен бекітілген соманы жабады, - деп хабарлады Атырау әкімдігі.

Фархат ӘБІЛОВ

2 ақпан 2021, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.