Атырау, 18 мамыр 09:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мұнайшылар ереуілінің бірі аяқталып, екіншісі басталды

2 208 просмотра

© instagram/zhanalik_ahash

Ақтөбе облысының Темір ауданында бірнеше күн бойы ереуілге шыққан "КМК Мұнай" және "АМК Мұнай" компаниялары жұмысшыларынңы еңбекақысы көтерілді, олар жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" және "Рика" телеарнасына сілтеме жасап.

25 қаңтарда Көкжиде кен орнында "КМК Мұнай" компаниясының 100-ден аса мұнайшысы жұмысқа шықпады. Олар жалақыны екі есе арттыруды талап етіп, 130-150 мың теңгеден алатынын айтып шағымданды, әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысына видеоүндеу де жариялады.

29 қаңтарда "АМК Мұнай" компаниясының 62 мұнайшысы Башенкөл кен орнында жұмыс істеуден бас тартты. Ереуілшілер арасында операторлар, жүргізушілер, зертханашылар болды. Олар 60 мың теңге жалақыға шағымданды. Жұмысшылар айлығын екі есе көтеруді талап етіп, Мемлекет басшысына арнап видео түсірді. 

Нәтижесінде мұнайшыларға жалақыны 100 пайызға емес, 40 мың теңгеге көтеруге келісті, наурызға қарай жалақының 50 пайыз мөлшерінде сыйақы беруге уәде етті. Бұдан басқа, келесі үш ай ішінде жұмыс беруші мұнайшылармен жаңа келісімшарт жасайды, онда қызметкерлердің төлемдері мен олардың әлеуметтік көмектері толық сипатталады. Жағдай реттелді. Мұнайшылар жұмысқа кірісті.

Енді Жаңаөзендегі "МунайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, акция ұйымдастырды. Бұл туралы "Лада" жазды.

Наразылық білдірушілермен компания басшылығы кездесті. Жалақы көтеруден басқа, мұнайшылар жұмыс регламентін реттеуді сұрады.

Куәгерлердің айтуынша, дүйсенбіде, 1 ақпанда акцияға ондаған адам қатысқан. Жиналғандармен компанияның бас директоры Ерлан Сабиев кездесті.

Маңғыстау полиция департаментінің ақпараты бойынша, оқиға болған жерде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Жаңаөзен полициясы жұмыс істейді.


2 ақпан 2021, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.