Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұрлан Ноғаев​: Батыс өңірінің электр желілерін күшейту жұмыстарын бастаймыз

2 614 просмотра

Республиканың батыс өңірінің электр желілерін күшейту жұмыстары басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің оңтүстік өңіріндегі электр желілерін күшейтуге қатысты ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Желілерді күшейтудің негізделген тәсілін әзірлеу үшін «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп тәуелсіз ғылыми институт тартылатын болады», - деді Нұрлан Ноғаев. 

Оның айтуынша, Батыс өңірдің электр желілерін күшейту аясында 2021 жылы Теңіз – Құлсары – Атырау – Индер – Орал бағыты бойынша 220 кВ электр желілерін күшейту жұмыстары басталады.

«Аталған жобалар мен жаңа қуаттарды оңтайлы орналастыру үшін ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленеді. Теңгерімді әзірлеу кезінде батыс өңірінің электр желілерін Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен біріктірудің ұтымды нұсқасы айқындалатын болады. Бұл жұмыстар 2021 жылдың желтоқсанында бітеді», - деді министр.

2 ақпан 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.