Атырау, 18 мамыр 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда әкім орынбасары мен медицина басшылары бірінші болып вакцина салдырды

Сурет Бейнежазба
2 816 просмотра

Бүгін, 1 ақпанда Атырау облысында COVID-19-қа қарсы ресейлік Спутник V екі компонентті векторлық вакцинаны ерікті түрде ектіру науқаны басталды.

№3 емхананың вакцина ектіру пунктінде еріктілер - облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан БАЙДУАЛИЕВ, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы Мәдениет ТАНАУОВ, облыстық аурухана директоры Ербол ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық онкология диспансерінің директоры Эльмира САПАРОВА бірінші боп вакцина ектірді.

- Облысқа мың дозада вакцинаның алғашқы партиясы әкелінді. Әр ампула 5 адамға есептелген. Қауіпсіздік мақсатында, өз денсаулығы үшін вакцина ектіру қажет деп есептеймін. Бала кезімнен ине салдырудан қорқатын едім, міндетті түрде вакцина ектіремін. Екпеден кейін өзімді жақсы сезінемін, - деп әңгімеледі өз әсері туралы Б.Хаменова.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тұрғындардың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер мен COVID-19 індетін жұқтыру қаупі жоғары басқа мамандық өкілдері екпені бірінші болып салдырады. Бүгінде облыста вакцина егудің 24 пункті әзірленген, оның 16-сы – Атырауда. ТХТ (Тіркелген халық тіркелімі) жүйесімен және электронды үкіметпен біріктірілген «Вакциналау» ақпараттық жүйесі әзірленді.

- «Вакциналау» жүйесі созылмалы аурулар туралы қосымша ақпарат енгізу мүмкіндігі болу үшін диспансерлік тіркеу, ауруханаға жатқызу, вакциналау, дәрігердің кеңесі және науқас туралы басқа да клиникалық мәліметтерді қамтиды. Бұл тармақ пациент денсаулығының жай-күйін бағалау үшін қажет. Ақпараттық жүйе вакцинаның егілгенін, оны ектірмеуді, сондай-ақ анықталған жанама әсерлерді тіркеуге мүмкіндік береді. Процедураға үш медик қатысады: вакцина салатын дәрігер, медбике және тіркеуші, яғни, фармаколог дәрігер, - дейді «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» облыстық филиалының директоры Айбек ОРЫНБАСАРҰЛЫ.

«Вакциналау» бөлімінде пациенттің паспорты «алынды/жоспарланды/бас тартылды» деген вакциналау мәртебесі, жанама әсерлері, вакцинаның атауы, аурудың атауы деген мәліметтермен көрсетіледі. Жүйенің тағы бір пайдалы функциясы – вакциналау процедурасы аяқталғаннан кейін есептік мәліметтер: егілгендердің жалпы саны, жанама әсерлері анықталған пациенттер саны шығады. Жақында «AЖ» «Атыраулықтар «коронаға» қарсы вакцина туралы не ойлайды?» деген сауалнама өткізді. Жалпы адамдар оған қарсы еместігі, бірақ вакцинаның сапасына алаңдайтыны анықталды.

- Қазір Қазақстан тұрғындарында вакцинаның екі түрін - уақытша әкелінетін ресейлік және қазақстандық вакцинаны ектіруге мүмкіндік бар. Вакцина екі компонентті, егер адам бастапқыда ресейлік вакцинаны ектірген болса, онда 21 күннен кейін сол препараттың екінші дозасын ектіруі керек. Еліміздің тұрғындары шетелге шығып, импорт вакцинаны ектіруіне болады - заң бұған тыйым салмайды. Әлеуметтік желідегі парақшамда алған әсеріммен бөлісемін, тіпті жасарып, ажарланып кететін шығармын, - деп қалжыңдады облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 ақпан 2021, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.