Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды

2 244 просмотра

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қаңтар айында Сенат жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады. Заң жобасы қолданыстағы заңдардан Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауды көздейді.

Полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады. Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылды.

1 ақпан 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.