Атырау, 18 мамыр 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Шет елдің нөмірін таққан көлік жүргізушілері айыппұлдан құтыламын деп ойлайды

2 750 просмотра
Сурет: kolesa.kz

28 қаңтарда Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы қызметкерлері Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген 12 автокөліктің жүргізушісі айыппұл төлемегенін анықтады.

Олардың екеуі тоқтатқан жерден сол бойда 36 254 теңге берешегін төледі. Айыппұлдың  жалпы сомасы 395 мың теңгені құраған қалған 10 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырауда жалпы сомасы  9 млн. теңге болатын айыппұл төлемеген 160-қа жуық «шетелдік» автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның 19-ы Армениядан, 5-і Қырғызстаннан, 1-і Әзірбайжаннан, қалғаны Ресейден әкелінген.

Сонымен қатар, 28 қаңтарда «Қауіпсіз жол» жедел шарасы  барысында бір күнде 458 адам жол ережесін бұзғаны анықталды, атап айтқанда, жылдамдықты арттыру (72), телефонмен сөйлесу (36), қауіпсіздік белдігін тақпаған (69), жаяу жүргіншілерге жол бермеу (56), маневр жасау ережесін бұзу (16). Мас күйінде көлік жүргізген 21 адамға және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 51 адамға хаттама толтырылды. 

Айнұр САПАРОВА

30 қаңтар 2021, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.