Атырау, 18 мамыр 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейде Навальныйды босатуды талап еткен кезекті наразылық акциялары басталды

2 768 просмотра

31 қаңтар күні Ресейде бүкіл ел бойынша Кремль сыншысы Алексей Навальныйды босатуды талап еткен наразылық акциялары өтеді. Қиыр Шығыстанғы Владивосток және Хабаровск секілді қалаларды наразылық басталып та кетті, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің "Сибирь.Реалии" жобасы полиция жасағының акцияға шыққандарды ұстап әкетіп жатқанын хабарлады.

"ОВД-Инфо" басылымының хабарлауынша, Владивосток қаласында 30-ға жуық адам ұсталған. Ал Благовещенск қаласында Азаттық радиосы Орыс қызметінің журналисі Андрей Афанасьевті ұстап әкеткен. Ол акция орнына жете алмаған.

Бұл – қазір қамауда отырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды босату талап еткен екінші наразылық күні. Біріншісі 23 қаңтар күні өткен. Ол күні наразылық акциялары Ресейдің 110-нан астам қаласында өткен. Полиция 4 мыңға жуық шерушіні ұстап әкеткен.

Содан бері билік Навальныйдың жақын жақтастарын қыса бастады. Олардың арасында саясаткердің ұжымында жұмыс істейтіндер, тәуелсіз баспасөз құралдары және кәсіпкерлер бар.

Навальныйдың командасы бұл жолы нарызылық акцияларын 11 сағаттық белдеуде орналасқан 142 қалада өткізбек. Ең ірісі Мәскеуде жергілікті уақыт бойынша 12:00 уақытында басталмақ.

Ресей астанасындағы наразылық екі жерге белгіленген. Бірі Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) орталық ғимараты алдындағы Лубянка скверінде, екіншісі президент әкімшілігінің кеңселері орналасқан Ескі алаңда өтпек.

Наразылықтың қарсаңында Мәскеу полициясы қала орталығының және онда апаратын метро станцияларының жабылатынын мәлімдеген.

31 қаңтар 2021, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.